Алаш орда астанасы – Семей қаласында Алаш арыстарына Құран бағышталып, дұға жасалды (ФОТО)

01 маусым 2020 6372 0
Оқу режимі

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және  ашаршылық құрбандарын еске алу  күніне орай Семей қаласындағы  тарихи Тыныбай мешітінде Құран-қатым түсірілді.

Тыныбай мешітінде құран хатым түсірілуінің өзінің тарихи ғибраты бар. Өйткені алаш зиялыларының, оның алдындағы Құнанбай қажы, Абай хәкім Алаш зиялыларының ақсақалы Шәкәрім қажы, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Шоқан Уалихан және де басқада ұлт зиялыларының маңдайлары сәждеге тиген, киелі рухани ордасына айналған еді.

– Біздің басты мақсатымыз өткен тарихты таразылап, ел болашағы үшін құрбан болған Алаш арыстарының есімін ардақтау, – дейді Семей өңірінің бас имамы Асқар Мұқанов.

Құран-қатымға арнайы қатысқан белгілі абайтанушы Асан Омаров өткен ғасырдың 30-ыншы  жылдарындағы қуғын-сүргін мен нәубаттың тарихына кеңінен тоқталып:

– Бұл күн – қазақ халқы үшін қасіретті күн. 2 миллионға жуық адам ашаршылықтың құрбаны болып, қазақтың демографиялық дамуы орасан зор  тоқырауға ұшырады. Қаншама арыстарымыз солақай саясаттың құрбаны болды. Семей имамдарының белгілі тұлғаларымыздың ізі қалған  шежірелі мешітте құран қатым түсіруінің  өзінде үлкен тарихи  мән бар,  – деді белгілі ғалым.

 

Дереккөз: Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру