Алғыс айту күніне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды (ФОТО+ВИДЕО)

01 наурыз 2021 782 0
Оқу режимі

Бүгін, көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күніне орай республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. «Жылы жүректен» деген атаумен өткен игі шара «Сауап» белсенділер тобы мен Алматы ауданы әкімдігінің атсалысуымен 30 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды.

Игі шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов, Алматы ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрболат Жакупов, «Сауап» белсенділер тобының мүшесі Абзалбек Сұлтанбек мырзалар қатысып, бүгінгі мерекелі күнге орай ізгі тілектерін білдірді. Жамағатпен бірге дұға жасалып, үлкендер жағы ақ батасын арнады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру