ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ (ФОТО)

23 ақпан 2024 928 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде дін қызметкерлерінің басын қосқан дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбесұлы, «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлы және Астана қаласының имам, ұстаздары қатысты.

Басқосуда ұлттық археология мен этнография мектебінің негізін қалаушы, қазақтың маңдайалды тұлғаларының бірі Әлкей Хақанұлының өнегелі өмір жолы мен сіңірген еңбектері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, «Қазақ шежіресі» тарихнамалық-деректанулық зерттеу кітабының авторы Мақсат Алпысбесұлы қазақтың тарихы, өткені мен бүгіні жайлы сүбелі әңгімелерін өрбітті.

Тарихтың сонау қатпарларында жатқан, талай қалтарыстарға ұшырап, жадымыздан шыға жаздап, рухани дүниемізбен қайта қауышқан бабалар даналығы мен салып кеткен сара жолдарына тағы бір ойша шолу жасалды.

Шара соңында ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін көпшілікпен дұға жасалды.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру