Алматы өңірінде құдық ел игілігіне берілді (ФОТО)

29 маусым 2020 5072 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жыл мерейтойына орай «30 жылдыққа 30 игі шара» аясында Алматы облысы, Іле ауданының Жәпек батыр ауылында құдық қазылып, ел игілігіне берілді.

Игі шараға ҚМДБ-ның «Қайырымдылық және уақып істері» бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Наржанов, Іле ауданының бас имамы Тәңірбергентегі Дархан және дін жанашырлары қатысты.

Алғы сөзді бастаған Камалжан қажы Бекбосынұлы жиналған қауымға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, «Халық игілігіне шығарылған сумен қаншама адам шөлін қандырып, ғибадатын өтейді. Осы құдық суалып қалғанға дейінгі сауаптар амал дәптерлеріңізге жазылған болсын!» деп ықыласын білдірді.

Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы осы игі шараға белсенділік танытқан имамдар және демеушілерге алғысын айтып, Алматы өңірінде осындай игі шаралар жалғасатынын жеткізді.

Дереккөз: Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру