АЛМАТЫДА ҚМДБ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ ӨТУДЕ (ФОТО)
Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің 40-шы мәжілісі өтуде.
Кеңес жұмысында Бас мүфти: «Аллаға шүкір, Ғұламалар кеңесінің жұмысы жоғары деңгейде өтіп келеді. Соның нәтижесінде бірнеше қоғамға пайдалы, өзекті пәтуалар жарияланды. Тиісті концептуалды құжаттар қабылданды.
Соның тағы бір жемісі – өткен жолғы 39-шы кеңес жұмысында «Пәтуалар жинағы» кітабының 4-ші томын әзірлеп, жарияладық. Осы орайда еңбек етіп, атсалысқан баршаңызға тағы да Алла разы болсын деп, шынайы алғысымды білдіремін» деді.
Ғұламалар кеңесінде «Қажылық визасынсыз заңсыз жолмен қажылыққа барудың үкімі», «Кешбэкті және дисконт карталарды қолдану үкімі», «P2Р саудасы (крипта арбитраж) үкімі» т.б. тақырыптарда әзірленген пәтуалардың мазмұны талқылануда. Қабылданған пәтуалар мәтіні мүфтияттың ресми ақпарат құралдарында жарияланады.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі