Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған шетел азаматтары сотталды

14 қыркүйек 2019 4969 0
Оқу режимі

Алматыда Тәжістан Республикасының жеті азаматына қатысты қылмыстық істі қарастыру аяқталды.

Олар Ислам Республикасы Ауғанстанда жүрген «Шахамад» есімді рухани тәлімгерлерінің бастауымен 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 10 қаңтарына дейін лаңкестік топтың құрамында болып, радикал діни сенімдер негізінде терроризм актілерін жасауға дайындағаны үшін айыпталған.

Қылмыскерлер Латиф Хамиди көшесінің бойында орналасқан Ивер-Серафим монастыры мен Мәншүк Мәметова көшесіндегі «АТФ Банкке» өздері жасаған жарылғыш құрылғыны қолданып, шабуылдамақ болған.

Сот үкімі бойынша қылмыскерлерге 12 мен 18 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Олардың барлығы жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде өтейді. Негізгі жазаны өтегеннен кейін сотталғандар Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шеттетіліп, республика аумағына бес жылға кіруге тыйым салынады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
 

Дереккөз: Tengrinews.kz.

Пікірлер Кіру