«ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)

16 қыркүйек 2024 838 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігі Жастар ісі секторының қыркүйек айындағы жоспарына сәйкес «Әлжан ана» мешітінде мәуліт кеші өтті.

Құлшылық үйінің наиб имамы Серікбол Хаман жиналған жамағатқа «Екі дүние сардары» атты тақырыпта уағыз-насихат айтып, Пайғамбарымыздың (ﷺ) өмірбаянынан, өнегеге толы ғұмырынан сыр шертті.

Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында  Құран оқылып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

Айта кетсек, қазір мұсылмандық күнтізбе (хижри жыл санауы) бойынша Пайғамбарымыз (ﷺ) өмірге келген қасиетті Мәуліт (Рабиғул әууәл) айындамыз. Бұл айда Алла Елшісіне (ﷺ) көп салауаттар айтылып, мешіттерде рухани кештер өтеді, мәуліт жыры оқылып, екі дүние сардарына сәлемдер жолданады. Алланың берекесі дарыған игі шаралардан сіз де қапы қалмаңыз!

Пікірлер Кіру