Әлжан ана рухына Құран бағышталып, қайырымдылық шарасы жасалды (ФОТО+ВИДЕО)

03 наурыз 2021 3886 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде ерекше шара болып өтті. Құлшылық ордасына есімі берілген Әлжан Жатқанбайқызының дәл осы күні дүниеден озғанына орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі қызметкерлерінің қатысуымен арнайы Құран бағышталды. Елбасыдай кемеңгер азаматты дүниеге әкеліп, ел тізгінін ұстаған қайраткер болып қалыптасуына ықпал жасаған асыл ананың жақсы қасиеттері мен сипаттары жайлы айтылып, Жаратушы Иеміздің шапағатын сұрады.

Сондай-ақ, бүгінгі жиынның жалғасы ретінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, Елордамыздағы 300 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды. Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов игі шараға арнайы қатысып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізді. Жиылған жамағатқа азық-түлік сөмкелерін табыстап, бүгінгі шараның маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Серікбай Әділханның ұйытқы болуымен наурыз айының 3-жұлдызында бұл игі дәстүр бірнеше жылдан бері үзбей өткіп келеді. Биылғы карантин режиміне сәйкес марқұмды еске алу рәсімі тек қайырымдылық шарасын өткізумен шектеліп отыр. Мешіт қызметкерлері және ерікті жамағаттың атсалысуымен барлық азық-түлік сөмкелері көрсетілген мекенжайға жеткізіліп берілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру