«AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

14 наурыз 2026 110 0
Оқу режимі

«Aq meshit» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимовтың ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтіп, 50 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Игі шараның мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, Рамазан айындағы мейірім мен жанашырлықты арттыру. Таратылған азық-түлік арқылы көптеген отбасыларға қуаныш сыйланып, жамағат тарапынан ақжарма тілектер айтылды.

Ардақты Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім бір мұсылманның қиыншылығын жеңілдетсе, Алла Тағала қиямет күні оның қиыншылығын жеңілдетеді», – деген (Муслим). Алла Тағала жасалған барлық игі амалдарды қабыл етсін.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру