“AQ MESHIT” мешітінде “Су - Алланың баға жетпес сыйы” тақырыбында семинар өтті

06 ақпан 2024 641 0
Оқу режимі

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) “Өзеннің жағасында дәрет алсаң да суды ысырап етпе” деп, мұсылман үмметін суды үнемдеп, орнымен қолдануға шақырған. Осы орайда сүннет амалды жаңғырту, әрі ысырап етпеуді насихаттау ниетімен “AQ MESHIT” мешітінің бас имамы Дәурен Мүслимовтың ұйымдастыруымен мешіт дәретханасына суды үнемдеу жайында  арнайы тақтайшалар ілінді.

Сондай-ақ мешіт ұстазы Рахимжан Алдашұлы мешіт жамағатына және “Құран және тәжуид” дәрісіне қатысушы бүлдіршін балаларға  “Су - Алланың баға жетпес сыйы” атты арнайы семинар өткізді.

 

Пікірлер Кіру