«AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТПЕН МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

24 қыркүйек 2024 212 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Aq meshit» мешітінде мәуліт кеші өтті.

Құлшылық үйінің бас имамы Дәурен Мүсілімовтің ұйымдастыруымен өткен Мәуліт кешінде уағыз-насихат айтылып, мәуліт жыры оқылды.   

Құлшылық үйінің ішін мүміндердің риясыз айтқан салауаттары мен Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілігі толтырып, Мәуліт мерекесінің шуағы жайыла түсті. Жамағатпен бірге жасалған дұға да еліміз бен жеріміздің амандығын сұрап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағаты нәсіп болуын тілеумен аяқталды.

Пікірлер Кіру