«AQ MESHIT» МЕШІТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ЖАМАҒАТЫ АТПЕН СЕРУЕН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (ФОТО)
10 қаңтар 2025
130
0
Оқу режимі
Астана қаласындағы «Aq meshit» мешітінде ерекше рухани шара өтті. Мешіттің бас имамы Дәурен Муслимовтың бастамасымен мешіт жамағаты мен имамдары бірігіп, атқа міну серуенін ұйымдастырды.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Жылқының жалында Қияметке дейін береке бар» (Бұхари) деген хадисі қазақ халқының салт-дәстүрімен үндеседі. «Жылқы – ер қанаты» деп білген бабаларымыз жылқыны қадір тұтып, оны берекенің бастауы деп санаған.
Бұл игі шара жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, мешіттің рухани және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтеді. Мұндай басқосулар жамағат арасында бауырмалдықты нығайтып, имандылықты дәріптеуге жол ашады.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру