«AQMESHIT» МЕШІТІНДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ (ФОТО)

01 маусым 2024 453 0
Оқу режимі

«AQMESHIT» мешітінде бас имам Дәурен Мүслимов және Астана қаласы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай мерекелік шара өтті. 

Мерекелік шараға арнайы аниматорлар шақырылып, ойындар ойнатылды. Сондай-ақ @small.skif демеушілігімен балаларға тәттілер мен сусындардан мерекелік тарту жасалды. 

Балаларға мейіріммен көңіл бөліп, уақыт арнау, қуанту, еркелете отырып тәрбиелеу Алла Елшісінен (с.ғ.с.) қалған сүннеттердің бірі. Балаларды жүректің жемісіне (сәмәрәтүл-құлуб), көздің нұрына (құрратул-айн) теңеген ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Балаларыңды көп сүйіңдер. Себебі, сүйген сайын жаннатта бір дәреже беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып отырады».

7 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

6 адам, бала, адамдар футбол ойнауда, адамдар футбол ойнауда және мәтін кескіні болуы мүмкін

"ఫవీని SMALL _O.SMALL မးပြေ် SMALL SSMAL SMALL MA SMALL SMALL LL SMALL SMALL DaDa SMALL SMALL DaDa ሥድ SMALL" мәтіні кескіні болуы мүмкін

5 адам, бала және жиын кескіні болуы мүмкін

2 адам, бала, балмұздақ, қысқа пальто және кекс кескіні болуы мүмкін

1 адам кескіні болуы мүмкін

6 адам кескіні болуы мүмкін

 

Пікірлер Кіру