«AQMESHIT» МЕШІТІНДЕ «ИМАНИ ЖАЗ» БАСТАЛДЫ (ФОТО)

10 маусым 2024 366 0
Оқу режимі

Ата-ананың баласына берер ең үлкен байлығы - тәрбие мен білім. Перзенттерінің жарқын болашағы мен олардың иманды да ибалы болып өсуінен әрбір ата-ананың үміті зор. Осы ретте балалардың өз демалыстарын тиімді пайдаланулары үшін жылда еліміз мешіттерінде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы жұмыс істеп келеді.

Осы үрдісті негізге алған ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Aqmeshit» мешіті бүгін «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсына балаларды қабылдады.

Мешіттің бас имамы  Дәурен Мүсілімов балалар мен ата-аналарға білім алудың маңызын айта отырып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім алыңдар», деп насихаттаған хадисін түсіндірді.

Артынша балаларға «Мүфтият» баспасынан жарыққа шыққан «Дін мен дәстүр» негізінде құрастырылған «Имандылық әліппесі» оқулығы таратылды.

1 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам, бала, адамдар оқып отыр және "LITTLE LITTLE V" мәтіні кескіні болуы мүмкін

13 адам және орамал кескіні болуы мүмкін

3 адам, бала, адамдар оқып отыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

1 адам, оқып отыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру