«AQMESHIT» МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІНЕ АҚ ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ (ФОТО)

28 маусым 2024 187 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Aqmeshit» мешітінде «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып келе жатқан шәкірттерге қазақы киіз үйде ақ дастархан жайылып, бүлдіршіндер дәмнен ауыз тиді.

Мешіт бас имамы Дәурен Мүсілімовтың басшылығымен өткен шара балалардың арасындағы бірлік-ынтымақ пен ауызбіршілікті арттыруға бағытталған.

Айта кетсек, «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттерге Құран, әдеп дәрістерінен бөлек дін мен дәстүр бағыты аясында және қөлөнер бұйымдарын жасау бойынша түрлі сабақтар өткізіліп, әртүрлі спорттық сайыстар мен көңіл сергітер бағдарламалар ұйымдастырылып келеді.

Пікірлер Кіру