Ақпарат және қоғамдық даму министрі Ораза айтпен құттықтады

24 мамыр 2020 1509 0
Оқу режимі

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесімен құттықтау хатын жолдады.

Министр төтенше жағдай кезінде Діни басқарманың ауызбіршілік танытып, қауіпсіздік шараларын дер кезінде қолға алып, әрі олардың сақталуын қаматамасыз еткенін ерекше атап өткен.

«Осы ретте Сізге және Діни басқарма ұжымына ел игілігі жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Қасиетті айда тұтқан ораза, атқарған ғибадат, жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Сіздерге зор рухани күш-жігер, шаңырақтарыңызға бақ-береке, жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін», - дейді министр А.Балаева.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру