АҚСАҚАЛДАР АРАСЫНДА БАТА БЕРУ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

01 қазан 2024 211 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ақсақалдар арасында бата беруден арнайы сайыс өткізілді.

Мешіттің бас имамы Руслан Байзақовтың ұйымдастыруымен жүзеге асқан шарада ауызы дуалы ақсақалдар шешендік пен даналыққа құрылған батаның алуан түрлерін айтып, жұртты тәнті етті.

Қазылар алқасы көнекөз қариялар арасынан бата сайысының жеңімпаздарын анықтап, арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтарын тарту етті. Жиын соңында 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай жиналған ақсақалдарға арнайы дастархан жайылып, ел амандығы мен жұрт есендігі үшін дұға-тілектер жасалды.

Пікірлер Кіру