Ақтөбе: Имамдар мен жамағат Ойыл мен Қобдаға көмек жеткізді

03 сәуір 2024 1248 0
Оқу режимі

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі мешіттерінің имамдары мен жамағаты су тасқынынан зардап шеккен Ойыл және Қобда аудандарының ауылдарына гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр.

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы бастап барған ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Уақып» қорының жауапты өкілдері, «Садақа Береке» қайырымдылық қоры, облыстағы мешіт имамдары мен Ақтөбе жамағаты далада қалған халықты тікұшақпен көшіруге жәрдемдесті.

Су зардабын көрген халыққа азық-түлік, ас-су, киім-кешек, жатын орнына қажетті көрпе-төсек, балалар мен әйелдерге қажетті жабдықтар, тазалық құралдары, жылыту құралдары және т.б. көптеген көмектер жеткізді. Гуманитарлық көмектің екінші күнінде имамдар 1 миллион 382 391 теңге қаражат жинап, азық-түлік апарды. Одан өзге де басқа заттар апарылды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру