«АР-РАХМАН» МЕШІТІ «ТҰРАН» КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

06 сәуір 2024 231 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «ар-Рахман» мешіті қаладағы «Тұран» колледжінің студенттеріне ауызашар дастарханын жайды.

Рухани кеште мешіттің имам және ұстаздары білім жолында жүрген студенттерге Рамазан айының қадір-қасиеті жайында әсіресе соңғы он күндігінің маңызы туралы баяндап, білім алу, кәсіп игеру арқылы елге және қоршаған ортаға пайдалы мұсылман болу жайында уағыз-насихат айтты.

Пікірлер Кіру