АРАБ ТІЛІ КУРСЫН ТӘМАМДАҒАН ШӘКІРТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

05 ақпан 2024 680 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі Діни сауат ашу курсының «Араб тілі» бағдарламасын тәмамдаған шәкірттерге арнайы шара ұйымдастырылып, марапаттау рәсімі өтті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Садырханов Жұманазар қари шәкірттерге ізгі тілегін білдіріп, білім жолында қажырлықпен жеткен жетістіктерімен құттықтады. Шәкірттерді жігерлендіру мақсатында «Әзірет Сұлтан» мешітінің атынан арнайы блокнот пен «Алғыс хат» табыстады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру