Аралас жекпе-жек шебері Ислам қабылдады
03 маусым 2020
5811
0
Оқу режимі
Аралас жекпе-жекпен айналысатын австриялық спортшы Вильгелм Отт жақында ғана Ислам дінін қабылдап, өзінің мұсылман болғаны жайлы жариялаған болатын. Ал, бірер күн спортшы өзінің инстаграм парақшасында шариғат талаптарына сай неке қидырып, Мишель Биррингер есімді аруды өмірлік жұбай етіп алғандығын бөлісті.
30-мамыр күнгі жазбасында спортшы: «Ассалам уалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Бүгін біз «Иә» деп айттық! Алла Ұлық! Баршаңызға рахмет», – деп қуанышымен бөліскен.
Жас жұбайларға жергілікті мұсылман ұйымы тойға тарту ретінде кіші қажылық жолдамасын тарту еткен. Карантин шектеуі алынысымен, жас жұбайлар қасиетті мекенге сапар шегетін болмақ.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру