«ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІ: БҮЛДІРШІНДЕРГЕ «РАМАЗАН ТӘТТІСІ» ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

18 наурыз 2024 436 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «ӘС-Сәлам» мешітінде бүлдіршіндерге қасиетті айдың жылы лебін сезіндіру мақсатында «Рамазан тәттісі» таратылды.

Құлшылық үйінің бас имамы Дастан Зияшұлы ең алдымен балаларға Рамазанның қадір-қасиеті мен маңыздылығын баяндап, мұсылманша және ұлттық мерекелер туралы мәлімет бере кетті.

Жыл бойы мешіттен дәріс оқып жүрген кішкентай шәкірттердің көкейіне қуаныш сыйлай отырып, тәттілер салынған қорапшалар үлестірілді.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамасы аясында Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде бүлдіршіндерге «Рамазан тәттісі» таратылып келеді.

8 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

2 адам, орамал, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

2 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

2 адам, орамал, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру