«Әс-Сәлам» мешіті кілемдері жаңартылды

01 сәуір 2026 28 0
Оқу режимі

«Әс-Сәлам» мешіті кілемдері жаңартылды Астана қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында құлшылық залының кілемдері толықтай жаңартылды.

Бұл игі іс мешітке келушілердің жайлылығын арттырып, ғибадат жасауға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Мешітті жаңа кілеммен жабдықтауға дінге жанашыр демеушілер көмек көрсетті. Алдағы уақытта да мешіттің материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру