АСТАНА ИМАМДАРЫ ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ УМРА СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

03 ақпан 2024 538 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің дін қызметкерлері бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен Қажылық және умра семинарына қатысты. Қаладағы 14 мешіт бойынша қажылық және умра сапары жөнінде жамағатқа жөн сілтеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жауапты мамандар бас қосып, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Аталмыш жұмыс бағытына жауапты Темірлан Ибраев қатысушыларға «Тауаф» қажылық компаниясының жұмысы жайында, «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы, туроператорлар тізімі турасында көптеген мағлұматтар жеткізіп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру