АСТАНА ИМАМДАРЫ ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

13 маусым 2024 352 0
Оқу режимі

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен Астана қаласындағы «Достық үйінде» алда келе жатқан Ұлық мереке – Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтау жиыны болып өтті.

Басқосуда Құрбан айтқа қатысты барлық мәселелер жан-жақты қаралып, қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы өкілдік имамдарына тиісті тапсырмаларды жүктеді. Жиын соңында елімізге Құрбан айт мейрамының берекесі нәсіп етсін деп көпшілікпен дұға жасалды.

Айта кетсек, биыл Құрбан айт 16 маусымда басталады. Астана қаласында айт намазы таңғы сағат 06:00-де оқылады. Құрбандығын онлайн түрде шалам деушілер www.qurban2024.kz сайты арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.

теледидар және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам, жаңалықтар бөлімі, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам кескіні болуы мүмкін

4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

7 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам, үстел, жаңалықтар бөлімі және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам, жаңалықтар бөлімі және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам, тұғыр, жаңалықтар бөлімі және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

8 адам, тұғыр, жаңалықтар бөлімі және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру