АСТАНА ИМАМДАРЫНА ФИҚҺ МЕКТЕБІНІҢ НЕГІЗДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ (ФОТО)
22 ақпан 2024
1629
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінде қала имамдары мен ұстаздарының қатысуымен «Фиқһ мектебінің негіздері» атты имамдардың біліктілігін жетілдіруге арналған семинар өтті.
Шара шымылдығын ашқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Өсерханұлы Астанаға арнайы атбасын бұрып келген РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұловқа сөз кезегін ұсынды.
РАНТ мүшесі өз кезегінде фиқһ мәселелеріне жіті тоқталып, имамдарға бүгінгі таңда өзекті болған мәселелердің түйінін тарқатты. Аталмыш тақырыпқа байланысты шариғат үкімдерін түсіндіріп өтті.
Семинарға қатысушы дін қызметкерлері арнайы маманға келелі мәселелер бойынша туындаған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Семинар пайдалы жақтарымен есте қалды.
Дереккөз: muslim.kz
Пікірлер
Кіру