- Басты бет
- Жаңалықтар
- АСТАНА ИМАМДАРЫНА МЕДИА САУАТТЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)
АСТАНА ИМАМДАРЫНА МЕДИА САУАТТЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының басшылығымен елорда имамдарына медиа сауаттылық тұрғысында арнайы семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – қазіргі ақпараттық кеңістікте діни қызметкерлердің медиамен жұмыс жасау қабілетін арттыру, жалған ақпараттардан қорғану жолдарын түсіндіру және діни мазмұндағы ақпаратты дұрыс тарату мәдениетін қалыптастыру болды.
Семинар барысында қатысушыларға ақпарат құралдарымен жұмыс істеу, әлеуметтік желілердегі этикалық нормаларды сақтау, фото және видео контент дайындау жолдары бойынша нақты тәжірибелік кеңестер берілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде діни мазмұнды сауатты түрде жариялау мен шынайы ақпаратты жалған мәліметтен ажырата білу мәселелері де жан-жақты талқыланды.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Telegram