АСТАНА МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

25 ақпан 2024 593 0
Оқу режимі

Астана медресе-колледжінде білім алып жатқан шәкірттермен арнайы кездесу жиыны болып өтті. Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Омар Сайфуддинұлы мен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты өкілі Нұрбол Оразбай студенттерге «Уақып -  сарқылмас қазына» тақырыбында уағыз-насихат айтып, уақыптың мән-маңызы мен дініміздегі алар орны жайлы түсіндірілді.

Сондай-ақ шәкірттер де аталмыш тақырып төңірегінде өздерін қызықтырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарға қанық болды.

Айта кетсек, оқу орны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде «Исламтану» мамандарын дайындауды жүзеге асырады. Оқу орнындағы оқу процесі – күндізгі. Жалпы орта білім негізінде нормативтік оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Қазіргі таңда «Астана медресе» колледжінің оқу жоспары мен оқу бағдарламалары ҚР мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде жүзеге асырылады.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру