АСТАНА МЕШІТТЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

09 желтоқсан 2023 1474 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің жылдық қорытынды жиыны өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған 2023 – «Ислам және ізгі қоғам» жылы Елорда мешіттерінің атқарған жұмыс есептері тыңдалып, қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы үздік қызметкерлерге марапат табыстады.

Қорытынды жиын барысында қаладағы 14 мешіттің бас имамдары ҚМДБ бекіткен жұмыс бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар мен шаралар есебін слайд шоу арқылы баяндап, фото мәліметтерді кітапша күйінде қала бас имамына тапсырды. Сондай-ақ, құлшылық ордаларының шаруашылық, іс басқару, құжаттармен жұмыс, әлеуметтік желі және өкілдік сайттарындағы белсенділік, т.б. жұмыстарының да есебі тыңдалды.

Жиын соңында қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы биылғы жылы қарымды қызмет етіп, өкілдік жұмысына ерекше үлес қосқан діни қызметкерлерді арнайы марапаттап, ынталандыру сыйлықтарын табыстады.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру