АСТАНА ҚАЛАСЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖАУАПТЫ МАМАНДАРЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

17 ақпан 2026 73 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының жылдық жоспарына сәйкес Астана қаласы өкілдігінде жауапты мамандардың қатысуымен арнайы жиын өтті.

Басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, қордың бас есепшісі Тоқжан Кенесарықызы, Астана қаласы бойынша «Зекет және қайырымдылық» бағытына жауапты маман Оразбай Нұрбол, сондай-ақ Астана қаласы өкілдігінің бас есепшісі Қайрат Қасенов қатысты. Сонымен бірге мешіттер бойынша жауапты мамандар да жиынға қатысып, өзара пікір алмасты.

Жиналыстың негізгі мақсаты – алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтау. Сонымен қатар әрбір есепте мұқтаж жандардан қабылданатын өтініштер мен қолхаттардың міндетті түрде болуы, оларды талапқа сай әрі дұрыс толтыру тәртібі түсіндірілді.

Жиын барысында қайырымдылық шараларын жүйелі ұйымдастыру, есептің ашықтығы мен жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру