АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕУ ЛАГЕРІНЕ БАРДЫ (ФОТО) 

31 мамыр 2025 349 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігі «Abu Nasyr Al-Farabi» мешітінің Жастар ісі секторына жауапты маманы Аманжолов Алтынбек бастаған белсенді жастар 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысында орналасқан КарЛАГ лагеріне барып, жазықсыз құрбан болған бабаларды еске алды. 

Сапар барысында жастар Долинка ауылындағы тарихи-мәдени музей кешенін аралап, сталиндік репрессия жылдары жазықсыз жапа шеккен боздақтардың өмірімен танысты. Сондай-ақ, олардың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

Жастар бұл шара арқылы тарихтан тағылым алып, елінің кешегісін ұмытпау қажеттігін терең сезінгендерін жеткізді. Мұндай тағылымды шаралар жастардың отансүйгіштік рухын көтеріп, өткенге құрметпен қарауына сеп болатынын атап өтті.

КарЛАГ (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) — КСРО-дағы ГУЛАГ жүйесіне қарасты ең ірі лагерьлердің бірі. Ол 1931 жылы құрылып, 1959 жылға дейін жұмыс істеді. Лагерь аумағы Қарағанды облысының кең байтақ өңірін қамтыды. Мұнда жазықсыз айыпталған жүздеген мың адам ауыр еңбекке жегілді. Тұтқындар кен өндірісімен, ауыл шаруашылығымен, құрылыс жұмыстарымен айналысты. КарЛАГ – Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргіннің қасіретті символына айналды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру