АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

26 ақпан 2024 638 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов «Әл-Ғани» мешітінің ұжымымен жүздесіп, арнайы жиын өткізді. Сондай-ақ құлшылық үйін аралап, жұмыс барысымен танысып қайтты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа бағыттары бойынша жауапты имамдарымен сұхбаттасып, 2024 жылғы іс-шаралар жоспарын талқылады.

Мешіт жұмысын жандандыру, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында атқарылар іс-шаралар, уағыз-насихат жұмыстары, қайырымдылық істері, т.б. өзекті діни мәселелер бойынша мешіт ұжымына байланысты өз ұсыныстарын айтып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

6 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

11 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

8 адам кескіні болуы мүмкін

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру