АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «AQ MESHIT» МЕШІТІНЕ БАРДЫ (ФОТО)

26 тамыз 2025 1265 0
Оқу режимі

Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов елордадағы «Aq meshit» мешітіне арнайы ат басын бұрып, ұжыммен кездесті.

Кездесу барысында Бас имам мешіттің тыныс-тіршілігін бақылап, дін қызметкерлерінің жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, ҚМДБ тарапынан келіп жатқан тапсырмалардың орындалуын қадағалай отырып, имамдарды қызмет барысында белсенді және қырағы болуға шақырды.

Кездесу аясында мешіттің алдағы жоспарлары, жамағатты діни сауаттылыққа баулу және ағартушылық шараларын жүйелі өткізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген барлық бағыттар бойынша нақты тапсырмалар пысықталды. Қала бас имамының қатысуымен өткен ұжымдық жиын елорданың басқа да мешіттерінде жалғасын табады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру