Астана қаласының бас имамы мешіт ұжымымен танысты

23 мамыр 2026 83 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы болып тағайындалған Нұрбек Әуесханұлы “Әзірет Сұлтан” мешіті ұжымымен алғашқы ресми кездесуін өткізіп, мешіт қызметкерлерімен жүздесті. Жылы әрі тағылымды өткен жиында ортақ міндеттер мен алдағы жоспарлар кеңінен сөз болды.

Сонымен қатар, Нұрбек Әуесханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған Ерболат Жүсіповті жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жауапты жұмысына сәттілік пен береке тіледі.

Өз кезегінде Ерболат Нұрылдаұлы ұжымға шынайы ризашылығын білдіріп, жаңа бас имамның қызметіне табыс тілеп, ел игілігі жолындағы бастамаларына Алладан береке сұрады.

Кездесу барысында қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жан-жақты пысықталып, айт намазын жоғары деңгейде ұйымдастыру, құрбан шалу рәсімдерін жүйелеу, жамағатқа қолайлы жағдай жасау және қайырымдылық шараларын үйлестіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы айтылып, мешіт қызметкерлеріне бірқатар нақты міндеттер жүктелді. Жиын соңында ел тыныштығы мен жұрт амандығы үшін дұға жасалды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру