АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

27 тамыз 2025 986 0
Оқу режимі

Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне барып, жамағатпен жүздесті.

Кездесуде Бас имам жамағатқа насихат айтып, мұсылмандар арасындағы бірлік пен ынтымақтың мәніне кеңінен тоқталды. Ол қоғам тыныштығы мен тұрақтылығы ең алдымен жамағаттың ауызбіршілігіне байланысты екенін тілге тиек етіп, әрбір мұсылман осы ортақ игілікке өз үлесін қосуы қажет екенін жеткізді.

Ерболат Нұрылдаұлы жамағат арасындағы өзара сыйластық пен түсіністіктің ел амандығының тірегі екенін атап өтіп, бауырмалдық пен ізгілікке үндеді.

Жиын соңында жамағатпен бірге намаз оқылып, халқымыздың амандығы мен мемлекетіміздің тыныштығы үшін дұға жасалды. Бас имам елордалық жамағаттың ынтасына ризашылығын білдіріп, мешітке жиі келіп, рухани іліммен сусындаудың маңызды екенін еске салды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру