АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

29 ақпан 2024 585 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2024 жылға бекіткен «Діни оқу-ағарту» бағыты бойынша Астана өкілдігіне қарасты имамдарға онлайн семинар болып өтті.

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінің білікті ұстаздары Асқар Әкімханов, Азамат Жамашев, Ерғали Алпысбаев ақида, фиқһ, усул әл-фиқһ ілімдері бойынша Астана қаласының дін қызметкерлеріне онлайн дәріс жүргізді. 

Айта кетсек, қазіргі уақытта ҚМДБ тарапынан еліміздегі имам, ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында офлайн және онлайн форматтағы семинарлар Республика бойынша өткізіліп келеді.

Возможно, это изображение 6 человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение 1 человек и текст

Возможно, это изображение 1 человек и текст

Возможно, это изображение 6 человек и текст «REC Zhamashev хурсанд മ7 ACTAHa олжас исмаилов актанов азамат онгар хайридинов дархан исламбекулы»

 

Пікірлер Кіру