АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ «ЖАСТАР ІСІ» СЕКТОРЫ СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

29 наурыз 2024 497 0
Оқу режимі

Астана қаласы «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне ауызашар дастарханы жайылды.

Рухани кеште Астана қаласы «Жастар ісі» секторының жетекшісі Рахымжан Талғатұлы имандылық тақырыбында насихат айтып, білім жолында жүрген студенттерді қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады. Сондай-ақ, білмегенін үйреніп, өнер игеріп, өз саласының маманы болу арқылы елге және жалпы адамзатқа пайда әкелудің сауабы мен маңызы түсіндірілді.

Возможно, это изображение 1 человек, стол, помост и текст

Пікірлер Кіру