АСТАНАДА БРАЙЛЬ ӘДІСІМЕН ДІНИ ДӘРІСТЕР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

19 қараша 2026 177 0
Оқу режимі

Елордада көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада діни дәрістер жалғасып жатыр. Дәрістер аптасына бір рет, тұрақты түрде өтеді.

Сабақты Көктал мешітінің ұстазы Мухлиса Өтегенова жүргізеді. Қатысушылар діни білімін толықтырып, Құран оқуды үйреніп жатыр. Қазір Брайль қарпімен Құран оқи алатындардың саны 20-ға жуық.

Астана имамдары бұл кітапханамен үнемі тығыз байланыста. Мәуліт айында кітапханаға Бас имам Нұрбек қажы Әуесханұлы барып, кітапхана қорына Брайль жүйесімен оқуға арналған Құран Кәрімнің көптомдық басылымын тарту етті. Сондай-ақ мұнда «Әзірет Сұлтан» және «Көктал» мешіттерінің имамдары мен ұстаздарының қатысуымен рухани-танымдық кездесулер, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп келеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру