АСТАНАДА ДІН МЕН ДӘСТҮР АЯСЫНДА АҚСАҚАЛДАР ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

23 шілде 2024 1445 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «al-Fattah» мешітінің ұйымдастыруымен «Аталар мектебі» клубының мүшелерімен басқосу жиыны өтті.

Жиынға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің басшысы Нұрбек Есмағанбет, Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, «al-Fattah» мешітінің бас имамы Бағдат Әбдікәрімов және елорда имамдары мен мешіт ақсақалдары қатысты.

Жиында әуелі Құран аяттары оқылып, қариялар батасын берді. Астана қаласының имамы Ерболат Нұрылдаұлы бөлім басшысы Нұрбек Әуезханұлына сөз кезегін ұсынып, дін мен дәстүр аясында атқарылып жатқан іс-шаралар мен алдағы уақытта жүзеге асуы қажет болған игі жобалар сөз етілді. Ақсақалдар да дәстүр аясында баяндамалар оқып, жиынның мән-мазмұнын аша түсті.

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінің жас шәкірті Мұхаммед Сайфуддин қазақтың қара домбырасымен «Адай», «Алаш аманаты» күйлерін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Отырыс соңында ақсақалдар ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін бата жасап, дұға-тілектер айтылды.

1 адам кескіні болуы мүмкін

6 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

12 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

9 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

8 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

2 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам кескіні болуы мүмкін

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

7 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

6 адам, телпек және мәтін кескіні болуы мүмкін

2 адам, сыбызғы, скрипка және кларнет кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру