АСТАНАЛЫҚ ҚАЖЫЛАРҒА АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

05 маусым 2024 180 0
Оқу режимі

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтың ұйымдастыруымен биыл Астанадан қажылық парызын өтеуге аттанатын отандастырымызға арнайы жиын өтті.

Жиынның мақсаты - қасиетті сапарға аттанбас бұрын ұлы құлшылықтың маңызын түсіндіру. Қазақстандық қажыларға имамдар тарапынан қасиетті мекенде орындалатын амалдар және ихрам кию үлгісі толықтай түсіндірілді. Қала бас имамы қажылардың өз парыздарын есен-аман өтеп қайтуларын тілеп, дұға жасады.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан қажыларының қажылық құлшылығын дұрыс орындауына жағдай жасау мақсатында арнайы QAJY GUIDE (ҚАЖЫ ГАЙД) мобильді қосымшасын іске қосты. Gajy Guide қосымшасы қажылық және ұмра өтеушілерге арналған тегін цифрлық көмекші құрал болмақ. Қосымшада виртуалды тур, қажылықты өтеу тәртібі, ұмраны өтеу тәртібі, дұғалар, кітаптар, сұрақ-жауап, діни сөздік, карта, хабарлама, туроператорлар тізімі қамтылған.

1 адам, Сопақ кабинет және тұғыр кескіні болуы мүмкін

4 адам және тұғыр кескіні болуы мүмкін

5 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

сүлгі және мәтін кескіні болуы мүмкін

9 адам, тұғыр және "AЖblЛblK VMPA CAnAPbl CAnAPbl KAZAKHSTHA KAZAKASTI" мәтіні кескіні болуы мүмкін

7 адам және адамдар оқып отыр кескіні болуы мүмкін

10 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

7 адам және тұғыр кескіні болуы мүмкін

5 адам және спорттық жабдықтар кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру