«АТАЛАР МЕКТЕБІ»: «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ АҚСАҚАЛ ШӘКІРТТЕРІ ДАСТАРХАНДА БАС ҚОСТЫ (ФОТО)

18 қазан 2025 1165 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран үйреніп жүрген жасы үлкен шәкірттер – «Аталар мектебі» клубының мүшелері дастарханда бас қосып, еркін әңгіме-дүкен құрды.

Жылы жүздесуге мешіт ұстазы Ерсайын Қабылқанұлы қатысып, қала Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының сәлемін жеткізді. Ол қария шәкірттердің Құран үйренудегі табандылығына ризашылығын білдіріп, бұл ізгі амалдың үлкен сауап екенін айтты.

Ұстаз өз сөзінде ілім жолы үздіксіз болу керектігін, Құранға деген сүйіспеншілікті өмір бойы сақтап, оны амалмен бекіте білудің маңызын атап өтті. Иә, ақсақалдарымыздан үлгі алуымыз керек-ақ.

Құран – мұсылман өмірінің шамшырағы, адамды тура жолға бастайтын ең ұлы нұсқаушы. Оны оқу – жүректі тазартып, жан дүниені байытады. Сол себепті, Құранмен байланысын үзбеген әрбір мұсылман рухани тұрғыдан өсіп, өміріне береке мен тыныштық табады. 

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру