АТЫРАУДАН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫА 8 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ
01 сәуір 2024
1241
0
Оқу режимі
29 наурыз күні атыраулық еріктілер «Күшіміз – бірлікте» акциясын бастаған болатын. Тасқын судан зардап шегіп жатқан көршілес Ақтөбе облысына «Күшіміз – бірлікте» акциясы аясында Атыраудан 8 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді.
Еріктілердің, қоғам белсенділерінің, жергілікті мәслихат депутаттарының, кәсіпкерлердің және Атырау қаласы тұрғындарының күшімен үш күннің ішінде жиналған 8 тонна азық-түлік, жеке гигиеналық заттары, киім, ая киім, дәрі-дәрмектер және басқа да қажетті тұрмыстық заттар тиелген екі ауыр жүк көлігі бүгін таңғы сағат 9-да жолға шығып кетті.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру