Ауыл имамдарына қаржылай сертификат берілді (ФОТО)

10 сәуір 2021 2573 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сыр өңіріне жасаған жұмыс сапарында ауыл имамдарымен кездесті.

Кездесуде Бас мүфти: «Сіздер Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жолын жалғап, жауапкершілігі мол имамдық қызметтің қиындығына қарамастан Алланың асыл діні үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Халықпен бірге жасап жатқан адал қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін» деп имамдарға шексіз ризашылығын жеткізді.

Бұдан кейін ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ауылдағы дін қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, ынтасын арттыру мақсатында Қызылорда облысының 7 ауданы, атап айтқанда, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарына қарасты жеті ауыл мешіттерінің имамдарына 100 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы сертификатын табыстады. Сондай-ақ екі әйел ұстаз 50000 теңгелік сертификатқа ие болды.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен шалғай ауылдардағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған дін қызметкерлеріне көмек беріп, қолдау білдіру жоспары енгізілген болатын.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру