АУЫЗАШАР ДАСТАРҚАНЫНДА ЫСЫРАПШЫЛДЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ НАСИХАТТАЛДЫ (ФОТО)

12 наурыз 2026 47 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Сманов жамағатқа ауызашар дастарқандарын ұйымдастыру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу жайында насихат айтты.

Насихат барысында қасиетті Рамазан айының негізгі мәні сабыр мен шүкіршілік, қарапайымдылық пен қанағатшылдық екені айтылды. Сондай-ақ ауызашар дастарқандарында тағамды шамадан тыс дайындап, ысырапқа жол бермеу керектігі түсіндірілді.

Имам өз сөзінде дастарқанның молдығымен емес, ниеттің тазалығы мен берекесі маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар мұсылман адам әрдайым үнемшіл болып, артық шығыннан сақтанып, мүмкіндігінше мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге көңіл бөлуі тиіс екенін жеткізді.

Осыған орай жамағатты Рамазан айында қанағатшылдық пен қарапайымдылықты ұстанып, ауызашар дастарқандарында ысырапшылдыққа жол бермеуге үндеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру