АУЫЗАШАР УАҚЫТЫНДА ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛДЫ (ФОТО)

10 сәуір 2023 1809 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде 500 адамға жайылған ауызашар дастарханында жиылған жамағатқа «Ислам және ізгі қоғам» аясындағы бес бағыт бойынша викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жамағатқа діни кітаптар сыйға берілді.

Оразаға қатысты тың ақпараттармен танысқан жамағат өз ризашылықтарын білдірді.  

Айта кетейік, Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінде демеушілердің есебінен күн сайын 500 адамға арналған тегін ауызашар дастарханы жайылып келеді.  

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру