Әйел шәкірттер арасында дұға жаттаудан жарыс өтті (ФОТО)

31 наурыз 2021 4548 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «AQMESHIT» мешітінде әйел шәкірттер арасында «Дұға – мұсылманның қорғаны» атты сайыс болып өтті. Мешіт ұстаздарынан діни дәріс алатын қыз-келіншектер арасында ұйымдастырылған сайыс барысында үміткерлер күнделікті оқылатын дұғаларды қаншалықты білетіндігін паш етіп, қазақша мағынасын да түсіндіріп беріп отырды.

Дұғалардың дұрыс оқылуын қадағалап, үміткерлердің білімін сараптау төрелігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Гүлсара Бекет пен Нұрғалиева Динара және «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Қажымәлікқызы Қарлығаш ханымдарға жүктелді. Бірнеше бөлімнен тұратын сайыс қорытындысы ортақ ұпай санымен есептелді. Сондай-ақ, қазылар алқасының қосымша сұрақтары да үміткерлер білімін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді.

Қорытынды есеп бойынша «Дұға – мұсылманның қорғаны» сайысының жүлделі ІІІ орны Әлибаева Күләйғ бұйырса, Есім Айкүнім ІІ орынға лайық деп танылды. Сайыс сұрақтарынан сүрінбей өтіп, ұпай санымен алға шыққан Пернебаева Нәзігүл І орын иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру