ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАР «ИМАН» ЖУРНАЛЫ МЕН «МҰНАРА» ГАЗЕТІ БОЙЫНША САЙЫСҚА ТҮСТІ (ФОТО)

01 қыркүйек 2025 1082 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның төл басылымдары «Иман» журналы мен «Мұнара» газетінің негізінде әйел ұстаздар арасында жарыс ұйымдастырылды.

Мерзімді шығарылымдардың әртүрлі сандарында жарық көрген мәліметтер негізінде сұрақтар түзіліп, қатысушыларға ұсынылды. Сайыскерлер белгіленген уақыт ішінде өз жауаптарын жазып, білімдері мен зияткерліктерін ортаға салды.

Қазылар алқасында төрелік еткен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Бекет пен «Muftiyat» баспасының хатшысы Жанель Тәңірбергенқызы жеңімпаздарды анықтап, оларға ақшалай сый-сияпаттар мен алғыс хаттарды табыстады.

Айта кетсек, жарыстың басты мақсаты – ұстаздардың энциклопедиялық білімін тереңдету және ҚМДБ-ның төл газет-журналдарын жүйелі түрде оқуға ынталандыру.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру