Әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды (ФОТО)

19 қараша 2020 3186 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы болып өтті. Екі дүние сардары Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай өткізілген шара барысында Елордамыздағы тұрмысы төмен 10 отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Динара Құтқожақызы шара барысында жиылғандарға Мәуліт айының қадір-қасиеті жайында мағлұмат беріп, бүгінгі қайырымдылық шарасының маңызын атап өтті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру