ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ НАСИХАТЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

03 наурыз 2023 2456 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде әр жұма сайын әйел жамағатына арналған уағыз сағаты бүгін де өз жалғасын тапты. Жұма намазынан кейін әйел жамағатына «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Зарина Шамидуллақызы «Рамазанға дайындық» тақырыбында насихат айтты.

Айлардың сұлтаны Рамазанға мұсылман баласы, соның ішінде, әйел жамағатының дайындығы қандай болуы керектігін, жалпы бұл айда ауыз бекітуден бөлек қандай абзал амал-әрекеттерге мән беру қажеттігін, қасиетті айдағы нәпсі тәрбиесі мен көркем мінезге қол жеткізу жолдарын тәптіштей түсіндірген ұстаз уағызы жамағатқа ерекше әсерлі болды.

Уағыз соңында әдеттегідей жамағат сұрақтарына кезек беріліп, түрлі тақырыптар бойынша жауап берілді.

Айта кетейік, қасиетті айға дейін  Ерлан Ақатаевтың «Рамазанға дайындық» кітабы бойынша  тұрақты түрде уағыз жүргізіліп тұрмақ.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру