Әйел жамағатына ауызашар өткізіліп, уағыз-насихат айтылды (фото)

26 желтоқсан 2022 2903 0
Оқу режимі

Бүгін  ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Астана өкілдігінің «Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты «Инабат» қыз-келіншектер клубы Рамазанға дайындық мақсатында шәкірттермен ауызашар ұйымдастырды. Ауызашарға дейін мешіт ұстаздары Зарина Шамидуллақызы мен Әсел Дүйсебекқызы оразаның маңыздылығы, дінге қызмет және жүрек тазалығы тақырыбында уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, жаңадан қосылған шәкірттерге «Инабат» қыз-келіншектер клубының мақсаты мен жұмысы таныстырылып, бейнеролик көрсетілді. Жиын соңында барлық шәкірттер мен ұстаздар бір уақытта дұға жасап, ауызашар дастарханына жайғасты.

Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері сүннетті жаңғыртып дүйсенбі күні нәпіл оразасын ұстаған. Сондай-ақ, бауырмалдықты арттыру мақсатында өзара сыйлық алмасуға келіскен.

Суреттер топтамасын  «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру